«Қазсушар» РМК аграршылармен 26 527 электрондық келісімшартқа қол қойды.
Ең көп келісімшарт Түркістан филиалында рәсімделген — 10 568. Жетісу облысы бойынша филиалға 7 633 келісімшарт, Жамбыл филиалына — 3 480, «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалына — 2 553 келісімшарт тиесілі.
Қызылорда облысында 979, Шығыс Қазақстан облысында 744, Абай облысында 440, Батыс Қазақстан облысында 56, Қарағанды облысында 33 келісімшарт жасалды. «К. Сәтбаев атындағы канал» филиалы 41 электрондық келісімшартқа қол қойды.
Бұған дейін елдің бес өңірі үшін су тұтыну лимиттері белгіленген.