Ұлттық банктің 4 маусымға ресми бағамы 489,31 теңге деңгейінде белгіленді.
Астана айырбастау пункттерінде долларды 483,00 теңгеден сатып алады және 490,00 теңгеден сатады. Еуроны сатып алуға 562,00 теңгеден, сатуға 572,00 теңгеден ұсынады. Рубль 6,25–6,55 теңге аралығында сатылады.
Алматыда американдық валютаны орташа есеппен 484,78 теңгеден сатып алады, 486,94 теңгеден сатады. Еуро 562,95–568,29 теңге, рубль — 6,34–6,50 теңге тұрады.
Шымкентте долларды 485,15 теңгеден сатып алады және 487,21 теңгеден сатады. Еуро 561,45–567,10 теңге шегінде, рубль — 6,39–6,48 теңге.