Рейстер аптасына үш рет кең фюзеляжды Airbus A330-300 ұшақтарында орындалады. Жаңа бағыт Гонконг пен Қазақстан арасындағы жалғыз тікелей әуе қатынасы болады.
Жоспарларды талқылауға Cathay Pacific компаниясының клиенттермен жұмыс және коммерциялық мәселелер жөніндегі директоры Лавиния Лау қатысты.
Cathay Pacific — Гонконгтың флагмандық әуекомпаниясы. Ол Гонконг халықаралық әуежайында орналасқан және әлем бойынша 200-ден астам бағытқа жолаушылар және жүк рейстерін орындайды.
Тасымалдаушының мәліметінше, бағыттың ашылуы Қазақстан, Гонконг және Азия-Тынық мұхиты аймағы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ елдің халықаралық бағыттар желісін кеңейтуге көмектеседі.