Еуропалық одақ Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктесі болып қала береді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге сапарынан кейін тараптар жалпы құны 10 млрд еуроға жуық 30 коммерциялық келісімге қол қойды.
Көлік және инфрақұрылым
Air Astana 7,3 млрд еуроға 50 Airbus ұшағын сатып алу туралы келісімге қол жеткізді. Француздық Alstom компаниясы локомотивтерге қызмет көрсету бойынша 1 млрд еуроға жуық келісімшарт жасады. Сонымен қатар авиациялық ынтымақтастық және визалық режимді жеңілдету мәселелері келісілді.
Орта дәліз бойынша тасымал көлемі алты жыл ішінде 800 мыңнан 4,1 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстан бағыттың өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Стратегиялық шикізат
Қазақстан Еуропаға 34 стратегиялық маңызы бар шикізаттың 21 түрін жеткізуге дайын.
АҚШ-пен ынтымақтастық
Қазақстан мен АҚШ қар жамылғысын авиациялық мониторингтеу және су тасқынын болжау бағдарламасын әзірлеуде. Жоба Жабай өзені алабыңда қашықтықтан зондтау технологияларын қолдана отырып басталады.
Дата-орталықтар және жасанды интеллект
Америка-қытайлық SuperX AI Technology компаниясы Қазақстанда 1 ГВт-қа дейін қуатты жасанды интеллект үшін деректерді өңдеу орталықтары кластерін салу мүмкіндігін қарастыруда. Жобаны 2026–2029 жылдары іске асыру ықтимал. Сонымен қатар электромобиль, аккумулятор өндірісін және металлургияны локализациялау жобалары талқылануда.
Таиланд
Қазақстан мен Таиланд 2027–2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Құжат ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика, туризм және стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларды жеткізу салаларын қамтиды.
Ауғанстан
Кабулдағы бизнес-форумның қорытындысы бойынша 235 млн долларға жуық сомаға келісімшарттарға қол қойылды. Форумға 50-ден астам қазақстандық компания және 300-ден астам ауған бизнес өкілі қатысты. Негізгі бағыттар – АӨК өнімдерін, тамақ өнеркәсібін, фармацевтика және химия өнімдерін жеткізу. Ірі құжаттардың бірі – күнбағыс майын жеткізу бойынша он жылдық меморандум.