Әйелдердің жеке разрядында бірінші орынды Алматыдан Инкар Дюсебай иеленді. Екінші орын Астанадан Сандугаш Кенжибаевада, үшінші — Ақтөбе облысынан Ева Корышевада.
Ерлердің жеке разряды
Жеңімпаз Ақтаудан Даниял Рахметуллаев болды. Екінші орынды Қызылорда облысынан Ерасыл Ердильда иеленді, үшінші — Ақтөбе облысынан Мансур Сайынов.
Жұптық разрядтар
Әйелдердің жұптық разрядында Алматыдан Асылжан Арыстанбекова мен Еркежан Арыстанбекова жеңіске жетті. Екінші орын Инкар Дюсебай мен Альбина Какеновада, үшінші — Айя Нупбай мен Анастасия Крымковада.
Ерлердің жұптық разрядында бірінші орын Астанадан Ерасыл Бахтияр мен Қызылорда облысынан Ерасыл Ердильдада. Екінші орынды Астанадан Илияс Маратулы мен Ислам Орынбасар иеленді, үшінші — Алматыдан Тимур Сауленко мен Арсений Требухин.
Чемпионат жеңімпаздары «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын алу құқығына ие болды.