Контейнерлендірудің өсуіне ерекше назар аударды, бұл жүк тасымалы көлемін арттыруы тиіс. Президент Қазақстан нарығында контейнерлік тасымалдаудың әлемдік көшбасшыларының бірінің болуын атап өтті және Орта дәлізді дамытуды елдің стратегиялық басымдығы деп атады.
Қасым-Жомарт Тоқаев MSC вице-президенті Эдуард Зигристке ТМТМ әлеуетін нығайту шаралары туралы айтты. Әзірбайжан және Грузиямен бірлесіп бірыңғай ұзақ мерзімді тарифтік модельді әзірлеуде, Каспийде жүк кемелерінің флотын кеңейтуде, түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуде және Құрық портын жаңғыртуда.
Мемлекет басшысы компанияның Каспий жағалауындағы порт инфрақұрылымына инвестиция салуға қызығушылығын құптады. Оның сөзінше, мұндай жобалар бағыттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Азия мен Еуропа арасындағы тасымал көлемін ұлғайтады.
MSC вице-президенті компанияның Қазақстандағы логистикалық терминалдарға, теміржол активтеріне, порт инфрақұрылымына, теңіз қызметтеріне және жүк әуе тасымалына салынатын ұзақ мерзімді жоспарлары туралы хабарлады.