Инвестор жаңартылатын энергетика нысандарын салу үшін 1693 га жер учаскесін алды. Жалпы салым көлемі 765 млрд теңге деп бағаланады.
Жұмыстың бір кезеңінде әкім қаулысын тіркеудің созылуына байланысты тоқтап қалды. Бұл құжатсыз компания жобаны толық көлемде жалғастыра алмады.
Мойынқұм ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, жағдайға араласты. Қаулы тіркелді, ал инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.