Тимур Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, сотталған азаматтардың шетелдегі суық әмияндарында көптеген цифрлық активтер сақталған. Бұл активтердің техникалық қорғанысы жоқ, ал құқық қорғау органдары оларды басқару үшін қажетті құзыретке ие емес.
Мұндай активтерді криптофондқа енгізу туралы шешім қабылданды. Сақтау инфрақұрылымы Ұлттық инвестициялық корпорация мен орталық депозитарий базасында дайындалған.
Негізгі артықшылығы – активтер Қазақстанның юрисдикциясына түседі және үшінші елдердің талаптарынан қорғалады.
Ұлттық стратегиялық крипторезерв Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы құрылды. Оның жалпы көлемі 700 млн долларға жетуі мүмкін.