Кездесулер Энергетика министрлігі, БҰҰДБ, «KEGOC» АҚ, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен өтті.
Жобаның мақсаты — цифрлық технологиялар мен сұранысты басқару құралдарын енгізу арқылы Қазақстанның электрэнергетикалық жүйесінің жұмыс тиімділігін арттыру.
Қатысушылар электр энергиясы нарығында агрегаторлар институтын дамыту, тұтынушылардың цифрлық профильдерін қалыптастыру, сұранысты басқару бағдарламаларына қатысу үшін экономикалық ынталандырулар жасау, деректерді өңдеу және қорғау тетіктері, сондай-ақ белсенді тұтынушы тұжырымдамасын қарастырды.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар жобалық құжатты дайындау бойынша одан әрі қадамдарды айқындады. Ол электрэнергетиканың цифрлық трансформациясы бойынша бірлескен бастамалардың негізі болады.