LRT желісін Қосшы арқылы жүргізу жоспарланбаған. Әкім Азамат Қапышевтің сөзіне қарағанда, бұған қаланың тығыз инженерлік инфрақұрылымы кедергі келтіреді.
«Қалада инженерлік желілер өте көп, олар өте тығыз орналасқан. Сондықтан қаланың ішінен желі жүргізу мүмкін болмас еді», — деп түсіндірді ол.
Соңғы станция қаланың кіреберісінде орналасады. Ол «Қосшы» стеласының жанында, полиция бекеті тұрған және Қосшыға бұрылатын жерде пайда болады.
Tarlan Astana (LRT) екінші кезеңінің Қосшы бағытындағы құрылысы мамырда басталды. Жұмыстар 2027 жылға дейін аяқталуы тиіс. Желісі астананы және серіктес қаланы байланыстырады.