Өсімдік гүлдену фазасында. Учаске резерваттың сол жақ кластерінен шамамен 3–4 км қашықтықта орналасқан.
Орында фотофиксация және аумақтың экологиялық бағасы жүргізілді. Лотос Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Бұған дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Кигаш өзенінде де лотос гүлдей бастады, алайда гүлдер әдеттегіден аз.
«Jibek Joly» телеарнасының «Таза қала» жобасының командасы өңірдің негізгі көрікті жерлерін аралап, лотос алқаптарын Атырау облысының туристік брендіне айналып келе жатқан орындардың бірі ретінде атап өтті.