Алдын ала мәліметтер бойынша, апат қараңғы уақытта болған. Екі жеңіл автокөлік — Toyota Camry және Volkswagen Passat — Түркістан облысындағы жолда соқтығысқан.
Көліктерде болған жеті адамның барлығы оқиға орнында қаза тапты. Тергеу органдары барлық жағдайды анықтау жұмыстарын бастап кетті.
Түркістан облысы полиция департаментінде хабарлағандай, тергеу нәтижесі бойынша заң аясында процестік шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, ауа райы жағдайларын ескеруге, жылдамдықты арттырмауға және рульде назар аударуға шақырады.
Бұған дейін Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы ЖКО-да бес қарындас қаза тапқан. Жалғыз аман қалған жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.