Астанада күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай өтеді, шквал болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысында түнде және күндіз найзағайлы жаңбыр өтеді, солтүстікте, орталықта және шығыста — қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болады. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз температура 35 градусқа дейін жетеді, жел екпіні 25 м/с дейін.
Ұлытау облысында батыс пен солтүстікте жаңбыр мен найзағай, шығыста — аздаған жаңбыр күтіледі. Жел 23-28 м/с дейін күшейеді, ал күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі.
Қарағанды облысында батыс пен солтүстікте жаңбыр мен найзағай өтеді, шығыста — аздаған жаңбыр. Күндіз температура 35 градусқа дейін жетеді, жел екпіні 23 м/с дейін. Батыс пен солтүстікте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік пен таулы аймақтарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі жарияланған.
Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал болжанады. Жел кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді, ал күндіз температура 35 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы облысында 35-38 градус ыстық күтіледі. Солтүстікте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай өтеді, кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі. Облыстардың көпшілігінде жоғары немесе төтенше өрт қауіпі сақталады.