Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағында найзағайлы жаңбыр күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні күшейіп, дауылды сипат алады. Түнде және таңертең солтүстікте кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының шығысында және Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Жамбыл және Маңғыстау облыстарында 38–41 градус, Түркістан және Қызылорда облыстарында 40–41 градус болады деп болжанады. Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында кей жерлерде өте қатты ыстық 40 градусқа дейін жетеді.
Түркістан облысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, сондай-ақ Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында және Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қауіпі жарияланды.