Тараптар форумның іскерлік бағдарламасын талқылады. Олар іс-шараның қорытындылары өнеркәсіптік кооперация, сауда, білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Олардың пікірінше, келісімдердің қол қойылуы өңіраралық байланыстарды нығайтып, өзара тиімді серіктестікті кеңейтеді. Қазақстан Омск облысының үш ірі сауда-экономикалық серіктестерінің қатарында, алайда өзара сауданың әлеуеті әлі толық іске асырылмаған.
Білім беруге ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Омск облысының жоғары оқу орындарында 7 мыңнан астам Қазақстан азаматы оқиды. Омскідегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалының бірінші оқу жылы аяқталды. Биыл филиал 300-ге жуық жаңа студент қабылдауды жоспарлап отыр.
Форумның бірінші күні елші сондай-ақ Ресей-Қазақстан жастар форумына, Ресей-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, Омск облысының инвестициялық және көлік-логистикалық әлеуетінің көрмесін аралады. Форумның негізгі іс-шаралары 25 шілдеде өтеді.