Термометр көрсеткіштері бар видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Ролик авторы бір құралды күнге қойды, ал екіншісін көлеңкеде қалдырды.
Метеорологтар температураны тек көлеңкеде өлшейді. Қазгидромет деректері бойынша, 12 шілдеде Шымкентте ауа 38,2 градусқа дейін қызды. Түркістан облысында максимум Қызылқұм станциясында 42 градус болды.
Алдағы күндердің болжамы
14 шілдеде Шымкентте 39–41 градус күтіледі, солтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін. 15 және 16 шілдеде күндізгі температура 42–44 градусқа дейін көтеріледі, түнде — 23–25 градус.
Түркістан облысында 14 және 15 шілдеде 44 градусқа дейін болжанады, бейсенбіде — 46 градусқа дейін. Тауларда 37 градусқа дейін күтіледі. Жауын-шашын болжанбайды.
Өрт қауіпі
17 шілдеге дейін Шымкентте жоғары өрт қауіпі сақталады. Құтқарушылар қоқыс қалдырмауға, темекі тұқылын тастамауға және құрғақ шөпті өртемеуге шақырады. Өрттің алғашқы белгілері пайда болғанда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керек.