Абитуриенттер өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы жеке немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыра алады.
Қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3×4 фотосурет және орта білім туралы аттестат немесе колледж дипломы қажет. Қосымша жеңілдіктерге құқықты растайтын құжаттар ұсынылады.
B167 «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын пайдалану» мамандығына түсушілер дәрігерлік-ұшу сараптамалық комиссияларында медициналық куәландырудан өтуі қажет.
Нақтылау үшін университеттердің қабылдау комиссияларына тікелей жүгіну ұсынылады. 2026 жылы инженерлік, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарға басымдық бере отырып, шамамен 90 мың грант бөлу жоспарлануда.