Алматы-1-де құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аралдық перрондағы жұмыстар аяқталды, қазір ғимараттың қаңқасын нығайтып, шатырын жаңартып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, инженерлік желілерді тартып, конкорстық өткел бойынша жұмыс істеуде.
Бұл вокзалдағы құрылысты 2026 жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Алматы-2-дегі жұмыстар
Алматы-2 вокзалы тарихи-мәдени ескерткіш ретінде танылғандықтан, онда әзірге жөндеу жұмыстары басталған жоқ. «Қазреставрация» РМК-ның ғылыми-жобалық құжаттамасы әзірленген, бірақ құрылыс-монтаждау жұмыстары басталмаған.
Жолаушылар үшін не өзгереді
Вокзалдардың алаңдары ұлғайтылмайды, ғимараттардың сәулеттік өлшемдері өзгеріссіз қалады. Реконструкция аясында күту залдары жаңартылады, навигация жақсартылады, мүгедектігі бар адамдар үшін нысандар қолжетімді етіледі, санитарлық тораптар жаңғыртылады, цифрлық сервистер енгізіледі және қауіпсіздік деңгейі арттырылады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін жолаушылар ыңғайлы жағдайлар мен заманауи инфрақұрылымға ие болады.
Нысандарды басқару
2025 жылдың 16 шілдесінен бастап екі вокзал да «Қазақстан темір жолы» сенімгерлік басқаруында. Нысандарды әкімдікке қайтару жоспарланбаған.