Ойын Флорида штатындағы Майами-Гарденс қаласындағы Hard Rock Stadium стадионында өтеді. Арена шамамен 65 мың көрерменді қабылдай алады.
Қазақстандағы жанкүйерлер үшін ойынның басталуы жергілікті уақыт бойынша 02:00-де болады. АҚШ-та матч 18 шілдеде сағат 17:00-де басталады.
Тікелей трансляцияны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетеді.
Франция жартылай финалда Испаниядан 0:2 есебімен жеңілді. Англия Аргентинаға 1:2 есебімен ұтылды. Командалар енді қола медальдар үшін кездеседі.