Үшінші нөмірмен егілген жұп эстондық Ингрид Нил мен мексикалық Джулиана Олмосқа 7:5, 4:6, 4:6 есебімен жеңілді.
Матч екі сағат қырық сегіз минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Данилина мен Крунич жеті эйс жасады, бес қос қателік жіберді және оннан бір брейк-пойнтты іске асырды.
Осылайша, дуэттің турнирдегі өнері үшінші айналым сатысында аяқталды.
Микст
Бұған дейін Анна Данилина аралас жұптық разрядтың ойынынан шығып қалған болатын. Американдық Джеймс Трэйсимен жұптасып, ол екінші айналымда жеңілді.