Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметі бойынша, Гүлназ Борибаева 48 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Моңғолия өкілі Содон-Од Биндерияны жеңді.
Азиза Исина 70 кг-ға дейінгі категорияда Өзбекстаннан Райхона Құрбонбоеваны жеңді. Шұғыла Налибай 75 кг-да үндістандық спортшы Мұсканды жеңді.
Қалған финалдарда қазақстандық қыздар жеңілді. Анита Адишева 51 кг-да Өзбекстаннан Гүлсевар Ғаниеваға жеңілді. Ұлжан Сәрсенбек 57 кг-да Өзбекстаннан Хуморабону Мамажоноваға жеңілді. Құралай Егінбайқызы 80 кг-да Өзбекстаннан Рухшона Парпиеваға жеңілді.
Команданың есебінде үш алтын, үш күміс және үш қола медаль бар. Қоланы 60 кг-да Аяжан Ермек, 80 кг-дан жоғары салмақта Панар Сейітханқызы және 90 кг-дан жоғары салмақта Аслан Елдібайұлы жеңіп алды.
Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 16 шілдеде өтеді.