32 үздіктің қатарына шығу үшін Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.
Құрбанов Израильден келген Йоханатан Мессика Ламбреяны 15:7 есебімен жеңді. Проходов финн Йярви Керрконы — 15:5 есебімен жеңді.
Шарлаимов Американдық Виргин аралдарынан келген Круз Шембриге 9:15 есебімен жеңіліп, өнерін аяқтады. Сертай Оңтүстік Кореядан келген Омин Квонға 10:15 есебімен жеңілді.
Бұған дейін турнирде әйелдер арасындағы жеке шпагадан плей-офф кезеңінің жекпе-жектері өтті.