Даниил Яковенко 10 метрден ату бойынша екінші орынды иеленді. Финалда ол финн Уильям Эрик Вилкманға жол берді. Қола медальді оңтүстіккореялық Ким Чжэмин алды.
Тағы бір күміс медальді Енлик Аскар әкелді. Ол да 10 метрлік пәнде екінші болып, шешуші кездесуде армян Аида Азатянға жеңілді. Қола медальді украиналық Мирослава Шимко жеңіп алды.
Бұған дейін осы турнирде Фатима Ирназарова мен Валат Мусаев алтын медальдерді жеңіп алды. Зухра Ирназарова қола жүлдегер атанды.