Шайиков — Алматы хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Өткен маусымда ол Квебек жастар хоккей лигасының канадалық «Гатино Олимпикс» клубында ойнады.
50 тұрақты чемпионат матчында қақпашы 90,3 пайыз соққыны тойтарып, 2,78 сенімділік коэффициентін көрсетті.
2024 жылдың жазында Шайиков Қазақстанның юниорлық құрамасының қақпасын Президенттік спорт клубы кубогында қорғап, екі матч өткізді.