Әлемнің 82-ші ракеткасының қарсыласы рейтингте 118-ші орында тұрған армян Алина Чараева болды. Кездесу екі сетте аяқталды — 6:3, 6:3.
Матч бір сағат 35 минутқа созылды. Путинцева үш эйс, бір қос қателік жасап, тоғыздан төрт брейк-пойнтты іске асырды.
Ширек финалда ол Египеттен Маяр Шериф пен Испаниядан Кетлин Кеведо жұбының жеңімпазымен ойнайды.