Қазақстанда жарияланған «2014-2015 оқу
жылының басталуы туралы» бұйрық жобасында оқу жылының басталуы, тоқсандар мен демалыстардың ұзақтығы айқындалған.
2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БАРЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖЫЛДЫҢ БАСЫ 1 ҚЫРКҮЙЕК БОЛЫП ТАНЫЛАДЫ.
Мектептер мен лицейлерде:
- Күзгі демалыстың ұзақтығы — 4-тен 11 қарашаға дейін.
- Қысқы демалыстың ұзақтығы — 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін.
- Көктемгі демалыс 20-дан 31 наурызға дейін созылады.
- Бірінші сыныптарда демалыс қосымша 3-тен 9 ақпанды қоса алғанда беріледі.
Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде:
- Қысқы демалыс — 29 желтоқсаннан 2015 жылғы 12 қаңтарға дейін.
- Жазғы демалыс — оқу үдерісіне сәйкес кемінде 6 апта.
Жоғары оқу орындарында:
- Қысқы демалыс — 22 қаңтардан 4 ақпанға дейін.
- Жазғы демалыс — оқу үдерісіне сәйкес кемінде 35 күн.