Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен келді. Келесі күні ол қытайлық көшбасшымен келіссөздер жүргізді.
Си Цзиньпин Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады. Сапар аясында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды.
Тоқаев Шанхайда ірі қытайлық жоғары технологиялық компаниялардың басшыларымен де кездесті. Дөңгелек үстелде қол қойылған коммерциялық келісімдермен алмасу рәсімі өтті.
Жобалардың қатарында — Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы аккумуляторлық батареялар шығаратын зауыт. Сонымен қатар, елдегі алғашқы гидроаккумуляциялық электрстанциясын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.